2020 жылы Қазақстанда 31,3 млн тонна мұнай өндірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қазақстанда 31,3 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысында баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында мұнай мен конденсат өндірісі 31,3 млн тоннаны құрады. 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% өсім бар. Оның ішінде Теңіз Шевройл - 4,1%, Қашаған - 11,5% сынды ірі мұнай өндіруші кәсіпорындарда өнім артқан. Қарашығанақтағы өнім көлемі өзгеріссіз қалды», - деді спикер қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 5,2 млн тонна мұнай өңдеуден өтіп, жоспардың 96,3% құраған.

«Мұнай экспорты 25,3 млн тоннаны құрады, бұл - жоспардың 115 пайызы. 20,2 млрд текше метр газ бен 1,099 млн тонна сұйытылған газ өндірілді. 5,6 млрд текше метр табиғи газ экспортталды. Бұл көрсеткіш жоспардың 93 пайызын құрайды. Оның себебі Қытайдағы тұтынушылардан коронавирус пандемиясында сұраныстың азаюымен байланысты», - деді министр.

Сонымен бірге, Нұрлан Ноғаев барлық өңірлерде жылыту маусымының аяқталғанын, тұтас маусымның техногенді апатсыз өткенін хабарлады.


Соңғы жаңалықтар