+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

2020 жылы Қазақстанда 1,3 мың шақырым жол пайдалануға беріледі

2019 жылғы 27 қараша 09:53
Бөлісіңіз:
2020 жылы Қазақстанда 1,3 мың шақырым жол пайдалануға беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы Қазақстанда жөнделген немесе пайдалануға берілетін 1373 шақырым автомобиль жолы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордадағы Қабанбай батыр даңғылы сегіз жолақты болады Ақмола облысында 412 шақырым жол жөнделді 2020 жылы Алматының шетіндегі 120 шақырым жолдың құрылысы басталады

«Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруды жалғасытру аясында 2020 және 2026 жылдар аралығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 10 мың шақырымы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылса, оның 1373 шақырымында қозғалыс келесі жылы ашылмақ», делінген хабарламада.

«Орталық-Оңтүстік» бағыты бойынша жолдың 311 шақырымы, «Петропавл-Қорған» тасжолының 37 шақырымы, «Орталық-Шығыс» жобасы бойынша жолдың 13 шақырымы, «Қостанай-Денисовка» автожолының 65 шақырымы, «Ақтөбе-Қандыағаш-Мақат» тасжолының 160 шақырымы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, келесі жылы «Атырау-Астрахань» бағыты бойынша жолдың 60 шақырымында, «Осинов асуы» жобасы бойынша жолдың 32 шақырымында, «Талдықорған-Өскемен» автомобиль жолының 384 шақырымында, «Ұзынағаш-Отар» жолының 96 шақырымында көлік қозғалысы ашылады. Мұнымен қоса, жоспарға сәйкес «Үшарал-Достық» тасжолының 60 шақырымы, «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының 155 шақырымы пайдалануға берілмек.

Еске салайық, 2020 жылы 5 917 шақырымы жол ақылы болады. 2025 жылға қарай мұндай жолдардың жалпы ұзындығы 11,7 мың шақырымға жетеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT