+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

2020 жылы Қазақстан-Түркия сыртқы сауда айналымы 3 млрд доллардан асты

2021 жылғы 3 наурыз 09:30
Бөлісіңіз:
2020 жылы Қазақстан-Түркия сыртқы сауда айналымы 3 млрд доллардан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың қорытындысында пандемия салдарынан қарамастан Қазақстан мен Түркия арасындағы сыртқы сауда айналымы 3 млрд доллардан асып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президенттің арнаулы өкілі Маттео Мекаччимен кездесті Қор нарығында доллар бағамы сәл төмендеді Биылғы 9 айда Қазақстанда ІЖӨ-нің өсуі 3,4 пайыз болды - ҰБ

Дипломатиялық қатынас орнаған 1992 жылы екі елдің арасындағы сыртқы сауда айналым не бәрі 30 млн доллар болса, өткен жылдың қорытындысында бұл көрсеткіш 3,1 млрд долларға жетіп отыр. Қазақстан мен Түркия алдағы уақытта бұл көрсеткішті одан әрі арттырып, бастапқыда 5 млрд доллар, кейін 10 млрд долларға жеткізуді ортақ мақсат тұтып отыр.

Түркия 1992 жылдан бастап, Қазақстанға 4,3 миллиард доллар инвестиция құйса, Қазақстан Түркия экономикасына 1 млрд долларынан астам инвестиция салды. Бүгінде түрік компаниялары елімізде құны 26 миллиард доллардан асатын мердігерлік жобаларды іске асырды. Қазақстанда 2 700 түрік компаниясы жұмыс істейді.

Екі елдің арасында бірқатар бірегей жобалар да жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, «Түркия шәкіртақысы» атты бағдарлама аясында бүгінге дейін 4 500-ге жуық қазақстандық студент түрік жерінде білім алды. Өткен жылдың өзінде Қазақстаннан 4 000-нан аса өтінім қабылданды. Биыл өтінім саны артып, 7 000-ға таяйды деген болжам бар. Сондықтан Түркия Қазақстанға бөлінетін грант санын арттырды. Осылайша, 2020-2021 оқу жылында тиісті талаптарға сәйкес келген 100 студент осы бағдарламамен Түркияда білім алу мүмкіндігіне ие болды. Бұдан бөлек, қазір шамамен 500-ге жуық қазақстандық студент Түркияда гранттық негізде білім алуда.

Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарымен тұспа-тұс құрылған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті де екі елдің білім саласындағы ынтымақтастығына айқын мысал бола алады. Екі елге ортақ университет соңғы 30 жыл ішінде Қазақстанның білім саласына бағалы үлес қосты.

Екіжақты қарым-қатынастардан бөлек, көпжақты платформаларда да екі бауырлас ел үнемі үйлесімділік пен ынтымақтастықта әрекет етеді. Түркі Кеңесі, Ислам ынтымақтастық ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы және Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты күшейтуге арналған маңызды платформа - АӨСШК сияқты ұйымдар аясында де тығыз байланыста.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT