2020 жылы инфляция нысаналы деңгейден асуы мүмкін - Ұлттық банк

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылы инфляцияның нысаналы деңгейден асу қаупі бар. Бұл туралы бүгін Алматыда қаржы сарапшыларымен кезекті кездесу барысында ҚР ҰБ Зерттеулер және статистика департаментінің директоры Виталий Тутушкин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәліметінше, В.Тутушкин болжамдарға сәйкес 2019 жылы Қазақстандағы жылдық инфляция 4-6 пайыздық жаңа нысаналы дәлізде болатынын атап өтті. «2018 жылғы қараша-желтоқсанда» өткен болжамды раундпен салыстырғанда 2019 жылы инфляция траекториясы төмендеу жағына түзетілгенін айтты. Бұл тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тарифтерінің төмендеуіне байланысты болған.

«2020 жылы инфляция өзінің нысаналы деңгейінен асып кетуі мүмкін. Біріншіден, реттелетін қызметтердің тарифін төмендетуден инфляцияға оң әсер болмайды деп болжануда. Екіншіден, ең төменгі жалақыны арттыру және қызметкерлердің төмен ақы төленетін санаттары үшін ЖТС-ты төмендету аясында тұтынушылық сұраныстың өсуі сақталады. Сонымен қоса, әлемдік азық-түлік инфляциясының серпіні болжамдық перспективада Қазақстандағы азық-түлік инфляциясының өсуіне әсер ететін болады», - деді Қазақстан Ұлттық банк өкілі.

Соңғы жаңалықтар