+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты

2021 жылғы 22 қаңтар 12:26
Бөлісіңіз:
2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы қаңтардан желтоқсанға дейін 649 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы) қатысушысы болды.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл еңбек саласындағы автоматтандырылған қызметтер үлесі 93 пайызға жеткізіледі 11 мың жұмыс орнын ашатын 38 жоба іске асырылмақ - ШҚО Халықты жұмыспен қамту: 331 жоба жоспарланып отыр

437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы – тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 210 мың адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына – 19,3 мың, жастар практикасына – 34,4 мың, қоғамдық жұмыстарға – 156,3 мың адам орналасты.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін 2020 жылдың қорытындысы бойынша 5,8 мың адам жұмыс күші мол өңірлерден қоныс аударды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит берілді, оның ішінде 11,2 мың микрокредит ауыл тұрғындарына берілді. Микрокредит алушылар қосымша 13,7 мың жұмыс орнын ашты.

Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 44,9 мың мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.

Бұдан басқа, 33,2 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT