2020 жылы елордада жоспарланған 6 балабақшаның біреуі ғана салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы елордада жоспарланған 6 балабақшаның біреуі ғана салынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дулат Шоғанбай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша келісімшарттарды жасау барысында міндетті төлем мерзімі 2018-2023 жылдары деп көрсетілген. Бұған қоса, мемлекеттік жекешелік-серіктестік жобаларының келісімшартына сәйкес, инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу балабақшалар пайдалануға берілгеннен кейін жүзеге асырылады. Өткен жылы 2018 жылы жоспарланған алты балабақшаның біреуінің ғана құрысы аяқталды. Осыған орай, ережеден «2018 және 2023 жылдары аралығы» деген сөзді алып тастау қажет», - деді ол елорда мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында.

Сонымен қатар ол ережеге енгізілетін тағы бір өзгеріс жайында айтты.

«1-тармақтың 2-тармақшасында 1 541 503 000 теңге сомадағы міндеттемені алып тастау қажет. Бұл «Успех голд 8» ЖШС-ның Хусейн бен Талал даңғылы мен №38 көше қиылысында 360 орынға арналған балабақша құрылысын жүргізу бойынша міндеттемесін орындамауына байланысты», - деді Дулат Шоғанбай.


Соңғы жаңалықтар