2020 жылы елордада 3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді – Алтай Көлгінов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы елорда бір триллион теңгеден аса рекордтық инвестиция тартты. Бұл туралы қала тұрғындарымен есеп беру кездесуінде елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы коронавирус пандемиясына қарамастан, елорда әкімдігі азаматтар мен қала үшін маңызды жобалар үшін жеке инвестицияларды тарту бойынша жұмыстарды тоқтатқан жоқ. Былтыр елордаға 1,1 триллион теңге тартылды. Бұл 2019 жылға қарағанда 21,5 пайызға артық», - деді ол.

Қала басшысы 2020 жыл оңай болмағанын жасырмады.

«Бірақ пандемияның уақытша екенін түсіну керек. Қалада тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарды, инфрақұрылым және тағы басқаларын салуды міндетті түрде жалғастыру қажет. Карантин кезінде құрылыс жұмыстары тоқтатылған жоқ. Жұмыстар санитарлық норманы қатаң сақтау арқылы жүргізілді. 2020 жылы елордада 3 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Бұл 2019 жылға қарағанда екі есеге көп»»,- деді Алтай Көлгінов.

Оның атап өтуінше, өткен жылы ModeX үй комбинатының жұмысы іске қосылды. Үй комбинаттары тұрғын үй құрылысына көмектеседі және құрылыстың уақытын қысқартуға, тұрғын үй құнын төмендетуге, үй сапасын арттыруға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар