+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

2020 жылы электр энергиясы секторына 82 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

2021 жылғы 5 наурыз 14:50
Бөлісіңіз:
2020 жылы электр энергиясы секторына 82 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –2020 жылы электр энергиясын өндіру көлемі 108 млрд кВтсағ-қа жетті. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Онлайн аукциондар жерге меншік құқығын бере алмайды – Энергетика вице-министрі Кен орындарын онлайн аукционда сату тәртібіне өзгерістер енгізіледі Түркияның Қазақстанға салған инвестициясы 2019 жылмен салыстырғанда 1,3% артқан

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді. 2020 жылы электр энергиясын өндіру көлемі 108 млрд кВтсағ-қа жетті. Бұл ретте, электр энергиясын тұтыну 107,3 млрд кВтсағ құрады, бұл еліміздің электр энергиясына қажеттілікті толығымен қамтамасыз ететіндігін көрсетеді», - деді министр.

Оның айтуынша, 2020 жылы қуат нарығы аясында электр энергиясын өндіру секторына тартылған инвестициялар көлемі 82 млрд теңгеден асты. Республикалық бюджет есебінен 31,4 млрд теңге сомасына 24 жоба іске асырылады, оның ішінде 6 жоба аяқталды. 6 жобаны іске асыру шамамен 120 мың адамды сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауға, 18,1 мың адамды және 10 әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бюджетке түскен салық кірістері 5 млрд теңгеден астам соманы құрады.

«Электр энергетикасы саласына инвестициялар ағынын ұлғайту мақсатында Министрлік электр станцияларын жаңғырту, реконструкциялау және жаңарту үшін шекті жол берілетін лимитті жылына 10-нан 30 млрд теңгеге дейін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдады. Маневрлік қуаттар құрылысын ынталандыру үшін қолданыстағы электр энергетикасы туралы заңнамаға түзетулер енгізілді. Саладағы маңызды оқиғалардың бірі ретінде – нарықта ашықтықты жүзеге асыру мақсатында Электр энергиясының орталықтандырылған сауда жүйесін реформалауды атап өтуге болады», - деді Н. Ноғаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT