2020 жылы ЕАЭО елдеріндегі өзара сауда-саттық көлемі 11 пайызға қысқарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 2020 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі өзара сауда-саттық көлемі 11 пайызға қысқарды.

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика жөніндегі мүшесі (министрі) Сергей Глазьев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүкіл әлемдегідей бізге де пандемиялық шектеулер өзара сауда-саттыққа теріс әсерін тигізді. Бұл іркілестер, ең алдымен көлік қатынасының қиындауына байланысты болды. Егер қаңтардан қарашаға дейінгі аралықты алар болсақ, өзара сауда-саттық көлемі 11 пайызға қысқарып, 44 млрд долларды құрады. Өзара сауда-саттық көлемі сыртқы саудаға қарағанда біршама аз қысқарды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, стратегиялық шараларды жүзеге асырудың арқасында ЕАЭО елдері сауда-саттық көлемін тез арада қалпына келтіре алды.

«Өзара сауда-саттыққа валюта бағамының құбылуы да әсер етті. Егер, өзара сауда-саттықтағы әртүрлі елдердің салмағы жайында айтар болсақ, бұл ретте өсім қарқыны, тауар айналымы динамикасы тұрғысында Қазақстанның жағдайы біршама табысты болды және көлік іркілестері мен сұраныс құрылымындағы құбылмалық біршама төмен байқалды», - деді ол.

ЕЭК министрі ЕАЭО елдерінде кейбір салаларда өсім байқалғанын да атап өтті.

«Мұндай бірнеше сала бар. Өздеріңіз де біліп отырғандай, бірінші орында фармацевтика тұр. 11 айдағы мәліметтерге сәйкес, сала 22-23 пайызға өсті. Айта кетерлігі, Қазақстанда екі есе өсім бар, сала 45 пайызға артып отыр. Химия өнеркәсібі шамамен 5 пайызға тоқыма өнеркісібі 10-12 пайызға артса, тамақ өнеркәсібінде де айтарлықтай өсім тіркелді. Ауыл шаруашылығының жекелеген салаларында атап айтқанда сүт пен май, ірімшік өндірісінде өсім бар», - деді Сергей Глазьев.

Соңғы жаңалықтар