+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

2020 жылы дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға өседі

2019 жылғы 18 қараша 11:35
Бөлісіңіз:
2020 жылы дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға өседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға өседі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Министрдің айтуынша, 2020 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Осыған орай, жүйенің дайындық деңгейін тексеру мақсатында 1 қыркүйектен бастап Қарағанды облысында медициналық сақтандыру пилоттық түрде іске қосылды. Оның негізгі мақсаты – медициналық қызметті алушылардың «сақтандырылу» статусын сәйкестендіру, тегін медициналық көмектің көлеміндегі және медициналық сақтандыру жүйесіндегі қызметтерді жеке-жеке есепке алу, 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру жүйесін толығымен енгізу мақсатында дайындық жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жобаны іске асыру үшін бюджеттен қосымша 2,3 млрд теңге, оның ішінде профилактикалық қарап-тексеру мен консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімділігін жоғарылатуға 1,7 млрд теңге, медициналық оңалтуды кеңейтуге 600 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді.

«Пилоттың оперативтік деректері бойынша екі айдың ішінде өңірде қымбат тұратын компьютерлік томография және магниттік-резонансты томография қызметтерінің саны - 178, медициналық оңалту қызметтері - 73 және консультациялық-диагностикалық көмек қызметтері 42 пайызға ұлғайды», - деді ол.

Оның дерегінше, халық қажеттілігінің негізінде оңалтуды қоса алғанда, медициналық көмектің басым түрлерін қаржыландыру келесі жылы 7 есеге және 2025 жылға қарай 11 есеге дейін өседі. Тарифтердің өсуі медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Келесі жылы дәрігерлердің еңбекақысы 30 және орта медицина персоналының еңбекақысы 20 пайызға ұлғаяды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT