2020 жылы барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалды - Нұрымбетов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы Қазақстанда барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жылдық есебінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 атқарған жұмыстарына байланысты есебінде 2020 жыл COVID-19 пандемиясына байланысты бүкіл әлем үшін қиын сынақ болғандығын айтты.

«Пандемиямен және оның салдарымен күрес Үкіметтен аурудың өсуін тоқтату және халық пен ел экономикасы үшін ауқымды теріс салдарлардың алдын алу үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдауды талап етті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен кірістерінен айырылған адамдарға ең төменгі жалақы (42 500 теңге) мөлшерінде ай сайынғы төлемдерді беру тетігі жедел түрде әзірленіп, іске қосылды. Төтенше жағдай және карантиндік шектеу іс-шаралары кезеңінде барлығы 4,6 млн адам жалпы сомасы 476,1 млрд. теңгеге осындай төлемдер алды. Сондай-ақ, ТЖ және карантин кезеңінде жалпы сомасы 25 млрд-тан астам теңгеге 1,1 млн-нан астам адам азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтар сатып алуға төлемдер түрінде қосымша қолдау алды»,-деді министр.

Сондай-ақ ол сөзінде елде халықты жұмыспен қамту бойынша үлкен жұмыс жүргізілгендігін атап өтті. «Дағдарысқа қарсы шара ретінде жұмыспен қамтудың жол картасы әзірленіп, табысты іске асырылуда. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың арқасында 1,2 млн. жұмыс орнын құру және сақтап қалу және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу мүмкін болды. Бұл ретте, қиын жағдайға қарамастан, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындау қамтамасыз етілді»,-деді министр.


Соңғы жаңалықтар