2020 жылы алимент төлеуден жалтарғандардан 76 пәтер мен 62 көлік өндіріп алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы алимент төлеуден жалтарғандардан 76 пәтер мен 62 көлік арқылы берешек өндірілді. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бірнеше жыл бойы жүргізілген дәйекті реформа және атқарушылық іс жүргізуді электрондық форматта жүзеге асыру өзін-өзі ақтады. Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі әлеуметтік маңызды атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын үздіксіз қабылдауға мүмкіндік берді. Осылайша, алимент санатындағы борышкерлердің 76 бірлік жылжымайтын мүлігінен және 62 бірлік көлік құралдарынан берешек өндіріліп алынды», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Сонымен қатар ол Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының қызметінде ашықтық қамтамасыз етілгенін айтты.
«Республикалық палатаның бухгалтериясымен қаржылық есептілігі «PricewaterhouseCoopers» компаниясының аутсорсингіне берілген. Олардың кірістері және шығыстары ай сайын палатаның ресми сайтында жарияланады. Бұл кәсіби ұйымға деген жеке сот орындаушылардың, оның мүшелерінің және реттеушінің тарапынан сенімді арттырады», - деді вице-министр.
- Арыс қаласында ресми жиын барысында жастар төбелесіп қалған
- Қауіпсіз қала: Астанада бейнебақылаудың арқасында қылмыс көлемі 30% азайды
- Петропавлда жаяу жүргіншілерге арналған көшеде көлік жүргізген жігіт жазаланды
- Уран өндіруге қатысты заңға өзгерістер енгізілді
-
Мәжіліс Жоғарғы сот төрағасы мен судьясы үміткерлеріне қатысты құжатты мақұлдады
-
Еліміздегі жарналамаларда мемлекеттік тілдегі мәтін міндетті болады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам