+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

2020 жылы әлемнің бірқатар қалаларында Абай ескерткіші ашылады

2019 жылғы 11 қараша 11:29
Бөлісіңіз:
2020 жылы әлемнің бірқатар қалаларында Абай ескерткіші ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы қазақтың ұлы ақыны Абайдың ескерткіші әлемнің бірқатар елінің астанасында орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Баку университетінде Абайға арналған кеш өтті Әлемнің 50 елінде «Абай домбырасы-party» өтеді Абай шығармалары әлемнің 30 тіліне аударылады

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміздің сыртқы саясат ведомствосы Абай жылында Германия, Аустрия, Италия, Болгария, Ресей, Грузия, Үндістан, Латвия, Моңғолияның бас қалаларында қазақтың ұлы ақынының ескерткішін орнату мәселесін қолға алған.

«Осы ретте Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі 2006 жылы Мәскеу қаласында ашылған Абай ескерткішін заман талабына сай өзгертіп, жаңа үлгіде қайта жасап орнату туралы ұсыныс енгізуде. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы Әкімдігі шет елдерде Ұлы ақынның 8 ескерткішін орнатуға атсалысуын сұраймыз», - делінген министрлік ақпаратында.

Естеріңізге сала кетсек, таяуда Ақордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Абайдың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өткен болатын. Сол жиында 2020 жылдың 8 қаңтарында елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты шара өтетіндігі белгілі болған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Әдебиет, #Аbai175,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT