2020 жылы 700 мың кәсіпкер салықтық жеңілдік алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы 700 мың кәсіпкер салықтық жеңілдік алды. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дағдарысқа қарсы шаралардың 3 топтамасы қабылданып іске асырылды. Бұл: халық пен бизнесті қолдау жөніндегі шұғыл шаралар, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау жөніндегі жедел шаралар және экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар. Осының арқасында 700 мың кәсіпкер салықтық жеңілдік алды. Зиян шеккен салалардағы қарыз алушылардың 80 пайыз кредиттерді төлеу мерзімін кейінге ауыстыру бойынша жеңілдіктерді пайдаланды», - деді Асқар Мамин.

Премьер-Министрдің дерегінше, кәсіпкерлердің 40 мыңға жуық жобасы қаржыландырылды.

«Үкіметтің экономика мен халықты қолдауға арналған дағдарысқа қарсы шараларының жалпы көлемі 6,3 трлн теңгені құрады. Бұл жалпы ішкі өнімнің 9 пайызы»,- деді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар