+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

2020 жылы 5 млн адам миллионер атанды

2021 жылғы 23 маусым 09:15
Бөлісіңіз:
2020 жылы 5 млн адам миллионер атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Covid-19 пандемиясынан болған экономикалық залалға қарамастан, 2020 жылы 5 миллионнан астам адам миллионер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Credit Suisse сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің өкілдерімен цифрлық теңге жобасын талқылады Мумбайда қатты нөсер салдарынан үй құлап, жеті адам қаза тапты Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың есебін тыңдады

Швейцарияның Credit Suisse қаржы конгломератының жыл сайынғы Global Wealth Report есебіне сәйкес, әлемдегі миллионерлер саны 2020 жылы 56 миллионнан асты. Пандемия жылы адамдардың 1 пайызынан астамы байыды. Активтері 50 миллион доллардан асатын ауқаттылардың саны 24 пайызға артып, 2003 жылдан бергі ең жоғары өсім болды.

Банк сарапшылары әлемдік әл-ауқат 2020 жылдың соңына қарай 418,3 трлн долларға жетіп, 7,4 пайызға өскенін атап өтті. Сонымен қатар жан басына шаққанда ол 6 пайызға артып, 79,9 мың долларға жетті.

Әлемдік экономикаға дамыған елдердің үкіметтері мен орталық банктерінің іс-қимылдары, яғни жаһандық қаржы дағдарысы кезінде қателіктерді болдырмау мақсатында екі бағыт бойынша алдын алу шараларын қабылдағаны – халық пен бизнесті қолдау үшін ауқымды ақша құюды ұйымдастырғаны, сондай-ақ пайыздық мөлшерлемелерді төмендеткені әсер еткен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT