+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

2020 жылы 11 мыңға жуық этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

2020 жылғы 26 қазан 10:59
Бөлісіңіз:
2020 жылы 11 мыңға жуық этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 10,9 мың адам тарихи Отанымен табысып, оралман мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 68,3 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылы Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі (56,9%) Қытайдан, 27,7% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (53,1%) және Маңғыстау (13,2%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,3%) қоныстанды.

9 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 57,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,5%-ды және зейнеткерлер 10,3%-ды құрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT