2020 жылғы Олимпиада ойындарының ресми талисмандары таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Токиода 2020 жылғы Олимпиада ойындарының ресми талисмандары таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Асахи Симбун» басылымына сілтеме жасап.

Олимпиада ойындарының талисманына «Мирайтова» деген ат берілді. Мирайтова - ақ-көк түсті шаршыларға боялған, қиялдан туған жәндік. Бұл атау жапонның «болашақ» және «мәңгілік» деген мағыналарды беретін «мирай» және «това» сөздерінен алынған. 

Ал оның ақ-алқызыл түсті серігі - Сомейти 2020 жылғы Паралимпиада ойындарының талисманына айналды. «Сомейти» сөзі сакура өсімдігінің әйгілі сұрпынан алынған әрі ол ағылшынның «so mighty» (аса қуатты) сөзімен әуендес келеді.

Талисмандардың авторы - жалпыұлттық байқауда жеңіске жеткен иллюстратор Рио Танигути. Байқаудың қорытындалыра Жапониядағы бастауыш сынып оқушыларының арасында жүргізілген сауалнама арқылы анықталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған футуристік персонаждарда дәстүрлілік пен жаңашылдық үйлесім тапқан.
Токиодағы Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесінен 9 тамызына дейінгі аралықта өтеді.

Фото: tokyo2020.org

Соңғы жаңалықтар