2020 жылғы демалыс күндері ауыстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет 2020 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді.

«Демалыс күндері:

- 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға;

- 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға;

- 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын», — делінген Қаулы мәтінінде.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар