2020 жылғы бокстың қорытынды кешіне қатысушылар салмақ өлшеді

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапонияның Токио қаласындағы OTA-City General Gymnasium аренасында ертең өтетін бокс кешіне қатысушылар арасында салмақ өлшеудің ресми рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Төрт салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы және екінші жеңіл салмақтағы (52,2 кг дейін) WBO титулының иегері, 31 жастағы жапониялық Казуто Йока (25-2-0, 14 KO) үш салмақта экс-чемпион, 25 жастағы отандасы Косеи Танакиге (15-0-0, 9 KO) қарсы шығады. Екі боксшы да 115 фунт (52,16 кг) салмақ көрсетіп, лимиттің шартын орындады.

Айта кетейік, бұл шоу 2020 жылғы бокстың қорытынды кеші болады.



Соңғы жаңалықтар