2020 жылғы ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстанда өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылы ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ауыр атлетика федерациясы таратқан мәліметтерге сүйенсек, Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Атқарушы комитетінің отырысы және IWF конгресінде осындай шешім қабылданған.
Аталмыш шара аясында IWF вице-президенті, Қазақстан ауыр атлетика федерациясы президенті Жанат Түсіпбеков пен Азия ауыр атлетика федерациясы президенті Мұхамед Юсеф Әл Ман арасында кездесу өтті.
Келіссөздер нәтижесінде бірқатар келісімдерге қол жеткізілді және ҚР ААФ 2020 жылы Қазақстанда Азия чемпионатын өткізу туралы ресми хатқа ие болды. Азия құрлығы үшін бұл 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындары алдындағы маңызды іріктеу турнирі болатынын атап өткен жөн.
«Азия чемпионатын өткізу құқығына ие болуларыңызға байланысты, біздің шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар және осындай елеулі шараны сәтті ұйымдастыруда біздің қолдайтынымызды айтқымыз келеді», - делінген хатта.
- ҚХЛ: Никита Михайлистің үш голы «Барысқа» жеңіс әперді
- Аустралия ашық чемпионатына келген 47 теннисші карантинде жатыр
- «Канелоның» қулығы әшкереленіп, одан Головкинмен жекпе-жек өткізу талап етілді
- Альпинистер алғаш рет қыста Жердің ең биік екінші шыңын бағындырды
-
Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
-
Ұлттар кубогі: Қазақстандық боксшы қыздар 5 «алтын» алды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам