2020 жылға қарай уранды байытуда Қазақстанның әлемдегі үлесі 7 пайызды құрауы мүмкін

None
None
күйектің 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жоспар бойынша  Қазақстан аумағында 2020 жылға дейін кем дегенде бір атом энергиясы стансысын іске қосу қарастырылып отыр. 

 Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Еуразиялық энергетикалық форумда ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атом саласында Қазақстан әлемнің алдыңғы қатарлы компанияларымен 2020 жылға қарай жалпыәлемдік конверсиялық қуаттардың 16 пайызын алуға ниетті, уранды байытуда еліміздің үлесі 7 пайызды құрауы мүмкін. Сонымен қатар отын таблеткаларын дайындауда Қазақстанның үлесі  елеулі түрде, яғни 13 пайызға дейін өседі», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар