2020 жылға қарай қазақстандықтар электрондық денсаулық төлқұжатына ие болады - ДСМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылға қарай қазақстандықтар электрондық денсаулық төлқұжатына ие болады. Бұл туралы бүгін елордада өткен VII Астана экономикалық форумының аясындағы сессия барысында денсаулық сақтау вице-министрі Болат Төкежанов мәлім етті.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, электрондық денсаулық төлқұжатына иеленген қазақстандықтар «пациенттің жеке кабинеті» қызметін де пайдалана бастайды. «Осылайша, электрондық денсаулық төлқұжатының негізінде пациенттің жеке кабинетін құру жоспарланады, онда әрбір азамат өзінің денсаулығы туралы ақпарат алып қана қоймай, дәрігерге қаралу туралы хабарламаларды, скрингтер немесе профилактикалық үдерістерден өту туралы ақпараттарды алатын болады», - дейді Б.Төкежанов. Оның айтуынша, 2020 жылға қарай Қазақстанда электрондық денсаулық сақтауды қалыптастыру автоматты түрде уақтылы, өзекті, шынайы ақпарат алуға, денсаулық сақтау жүйесін, ең алдымен науқастың және дәрігерлік қызметкердің қажеттілігіне бағытталған жүйе құруға мүмкіндік береді. Вице-министрдің пікірінше, ақпараттық технологиялар дәуірінде дәрігер тиісті коммуникация құралдарымен жарақталып, қашықтықтан ақыл-кеңес беруге, диагностика жүргізуге және науқастың жағдайын бақылауға өтуге мүмкіндік беретін тиімді бағдарламалық қамсыздандырылуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар