2020 жылға қарай Қазақстан логистиканың тиімділігі индексі рейтингінде 88-ден 40 орынға көтеріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы логистиканың тиімділігі рейтингінде Қазақстанның позициясын 88-ден 40-шы орынға дейін жақсартуға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, Дүниежүзілік Банктің соңғы есептеулері бойынша бүгінде еліміз логистиканы дамыту индексі бойынша 88 орында тұр. 2007 жылы Қазақстан бұл рейтингте 133 орында болған.

Бүгін 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстан шетелдік инвесторларды тарту үшін барлық жағдайды жасап, көлік-логистикалық құрылымды құрып жатқандығын атап өтті.

Елбасы атқарылған жұмыстардың арқасында 10 мың шақырымнан асатын автомобиль жолдары және 2,5 мың шақырым темір жол салынғанын және қайта жөндеуден өткенін, Қытайдан Парсы шығанағына дейінгі қашықтық 1200 шақырымға қысқарғанын айтып өтті.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында 30 мың шақырым автокөлік жолдары мен 8,2 мың шақырым теміржол желілері қайта жаңартылады және жөндеуден өтеді.

Соңғы жаңалықтар