2020 жылға қарай Алматы коммуналдық желілерінің тозу көрсеткішін 10 пайызға төмендету көзделіп отыр - Б.Байбек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2020 жылға қарай Алматы коммуналдық желілерінің тозу көрсеткішін 10%-ға төмендету көзделіп отыр. Қаланың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек журналистер мен блогерлерге таныстырды.

Жаңа құжатта қаланың экономикалық, экологиялық, коммуналдық дамуы туралы бірқатар индикаторлар белгіленді. Сарапшылардың зерттеуіне сүйенсек, Алматыдағы инженерлік желілердің тозуының орташа деңгейі 60-70% болып отыр. 2020 жылға дейін инженерлік желілерді жаңғырту бойынша жұмыстар белсенді жүргізіле бастайды. Атап айтқанда, су желілерінің тозуын 64,5% -дан 56%-ға, кәріз жүйесі желілерінің тозуын 62%-дан 54%-ға, жылу желілерінің тозуын 65%-дан 57%-ға, электр энергиясы желісін 69%-дан 65%-ға төмендету көзделіп отыр. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында энергия үнемдеу бойынша ЖІӨ көрсеткішін 25%-ға жеткізу туралы міндет қойылған. Қала билігі 5 жылдың ішінде көрсетілген межеге қол жеткізуге ниет білдіріп отыр. Жиында белгілі болғандай, Сайран көлі, Ботаникалық бақша, Орталық демалыс саябағы, Алматы зообағы қайта жаңғыртудан өтеді. Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша да жеке инвесторлар тартылады.

Соңғы жаңалықтар