2020 жылға дейінгі бизнестің Жол картасы маңызды бағыттардың бірі болып табылады - К.Мәсімов

None
None
қпанның 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2020 жылға дейінгі бизнестің Жол картасы маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Бұл туралы бүгін Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы жаңа бюджеттік бағдарламаны әзірлеуге байланысты нақты тапсырмалар берді. Ол мәселен, 2020 жылға дейінгі бизнестің Жол картасы құжаты. Бұл - маңызды бағыттардың бірі. Себебі, жеке кәсіпкерлікті дамыту яғни, жеке бастаманы дамыту мәселесі ұлттың тұрмыс-тіршілігіне байланысты. Яғни, бұл мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі», деп атап өтті Үкімет басшысы. Осыған байланысты К. Мәсімов, бұл жұмыстардың барлығына талдау жасап, реттеуші органдармен, ұлттық банкпен, қаржылық мониторинг агенттігімен осы шаралардың барлығын үйлестіру керектігін жүктеді.

«Нақты нәтиже болуы үшін бизнес қауымдастықтармен, "Атамекен одағымен", сондай-ақ басқа да қауымдастықтармен елеулі жұмыстар атқару шарт», деді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар