2020 жылдың қыркүйегі – тарихтағы ең жылысы болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропадағы Copernicus Climate Change Service (CCCS) спутниктік бақылау жүргізу обсерваториясы осы жылдың қыркүйек айын метеобақылау жүргізілудің бүкіл тарихында ғаламшар және Еуропадағы ең жылы қыркүйек айы деп атады. Бұл туралы 7 қазанда обсерваторияның сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы ай ең жылы болып саналған 2019 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 0,05 градус жылы болды.

Көптеген аймақтарда ауаның температурасы орташадан айтарлықтай жоғары болған. Бұл өңірлерге тек Тынық мұхитының шығыс тропиктік бөлігіндегі Ла-Ниньяның салқын ауасы ғана жатқызылмайды», - деп хабарлады мамандар.


Соңғы жаңалықтар