2020 жылдан бастап жеке тұлғаның атына тауар әкелудегі шектеу өзгертіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдан бастап жеке тұлғаның атына тауар әкелудегі шектеу өзгертіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

2020 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан тыс елдерден бір жеке тұлға айына құны 200 еуродан және салмағы 31 келіден аспайтын тауарларды тегін әкеле алады.

Тауардың құны және салмағы белгіленген нормадан асып кетсе, оның бағасынан 15% төлем алынады. Бірақ, баж салығы 1 келі үшін 2 еуродан кем болмайды.

Қазіргі уақытта 2019 жылдың соңына дейін құны 500 еуро және 31 келіге дейін тауар әкелуге болады, бірақ баж салығы тауар құнының 30%-ын және 1 келі үшін кемі 4 еуроны құрайды.

«Мысалы, шетелдік интернет-дүкеннен тапсырыспен алынған сәлемдеме. Құны – 300 еуро және салмағы 31 келіге жетпейді. 100 еуроға асып кетті. Баж салығы - 15%. Бағасы асып кеткені үшін 15 еуро баж салығын төлеп, жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тапсыру керек. Салмағы 35 келі, бағасы 200 еуродан аз сәлемдеме. 4 келі асып кетті. Баж салығы – бір келі үшін 2 еуро. 8 еуро баж салығын төлеп, жолаушыларға арналған кедендік декларация тапсыру қажет, - делінген хабарламада

Соңғы жаңалықтар