2020 жылдан бастап мұғалімдер жалақысы 25 пайызға өседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдан бастап мұғалімдер жалақысы 25 пайызға өседі.Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз», деп атап өтті ҚР Президенті.



Соңғы жаңалықтар