+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

2020 жылдан бастап МӘМС жүйесімен халықтың 94,5 пайызын қамту жоспарлануда - министр

2019 жылғы 18 маусым 10:14
Бөлісіңіз:
2020 жылдан бастап МӘМС жүйесімен халықтың 94,5 пайызын қамту жоспарлануда - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы бойынша дербес төлеушілердің саны шамамен 1 млн адамды құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 млн адамның ішінде 770 мың адам - өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар. Осыған байланысты, өңірлердің әкімдері 2019 жылдың 1 қазанына дейін өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың мәртебесін нақтылау, медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту жөнінде қажетті шаралар қабылдауы қажет. Тегін медициналық көмектің және медициналық сақтандыру жүйесінің жаңа пакеттерін енгізу бірінші кезекте халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Бүгін заңнамамен жекелеген медициналық қызметтерді алу үшін азаматтардың әлеуметтік тұрғыдан осал 8 санаты анықталды. Олар: балалар, жүкті әйелдер, көпбалалы аналар, зейнеткерлер және басқалар», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру жүйесін енгізу кезінде әлеуметтік тұрғыдан осал халықтың 15 санаты заңмен анықталған. Бұл адамдар (олардың саны шамамен 10,9 млн адам) мемлекет тарапынан сақтандырылады.

«Медициналық сақтандыру жүйесін енгізу шеңберінде бірқатар қызметтердің қолжетімділігі кеңейтіледі. Олардың санатына қымбат тұратын диагностикалық қызметтер бойынша қаржыландыру 3 есе өседі. Стоматологиялық қызметтерді қаржыландыру 2,3 есе ұлғаяды. Сақтандырылған тұлғалар үшін медициналық сақтандыру жүйесінің пакеті медициналық көмектің қолжетімділігін айтарлықтай арттыруды көздейді. Атап айтқанда, консультациялық және диагностикалық көмекті қаржыландыру 3 есеге (80 млрд тг), оңалту және қалпына келтіру көмегін қаржыландыру 2,7 есеге (39 млрд тг) ұлғайтылатын болады», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT