2020 жылдан бастап, барлық қалалық мектеп жан басына қаржыландыруға ауысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың қыркүйегінен бастап, барлық қалалық мектеп жан басына қаржыландыруға ауысады.

Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайд ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикадағы 437 мемлекеттік және 80 жекеменшік мектеп жан басына қаржыландыруға көшті. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап, барлық қалалық мектептер аусады», - деді министр министр Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдардағы бағдарламаның іске асырылуын талқылау барысында.

Ведомство мәліметіне қарағанда, 2016-2018 жылдары 372 мектеп салынды. Бүгінгі күні 36 апатты және 125 үш ауысымды мектеп сақталуда. Апатты және үш ауысымды мектептердің проблемаларын шешу үшін РБ есебінен 118 мектеп салу жоспарланған (2019 ж. - 57 мектеп). Оның ішінде ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 30 мектеп пайдалануға берілді, жыл соңына дейін 27 мектеп іске қосылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева апаттық жағдайдағы мектептер мен үш ауысымда оқытатын мектептердің проблемасы шешілмей келе жатқанын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар