2020 жыл ішінде Алматы тұрғындары 5 миллиард киловатт сағат электр энергиясын тұтынған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда инженерлік желілері мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде бірде-бір ірі және орташа апат болған жоқ,

«Біз Жаңа жылды жоғары дайындық жағдайында өткіздік. Алматы қаласының жылу-энергетикалық кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмысында ірі ақаулар тіркелген жоқ. Осы күндері сумен жабдықтау және электр желілерінде болған бірнеше жергілікті сипаттағы төтенше жағдайлар қысқа мерзімде жойылды», - деді қалалық Энергиятиімділік және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Айдар Беркімбаев.

Оның айтуынша, бұл Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылатын отын-энергетикалық кешенінің және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының барлық кәсіпорындарын жаңа жылдық мерекелерге тыңғылықты дайындаудың нәтижесі.

Тәулік бойы кезекшілік ететін жедел-профилактикалық бригадаларға және диспетчерлік қызметтерге ерекше назар аударылды. Олардың кәсібилілігі алматылықтар мен қала қонақтарының жайлылығын қамтамасыз етті.

Жалпы, 2020 жыл ішінде Алматы тұрғындары 5 миллиард киловатт сағат электр энергиясын, 1 625 миллион текше метр газ, 145,5 миллион текше метр суық су тұтынса, оның 75,1 миллион текше метрін халық тұтынған. 7,9 млн гигакалория жылу энергиясын тұтынған. Оның 5,5 млн-ы (69,6%) «Алматы электр станциялары» АҚ-на, 30,4%-ы «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС-нің 84 қалалық қазандықтары арқылы берілді.


Соңғы жаңалықтар