+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

2020-2021 жылдары инфляцияның дәлізі 4-6 пайыз болмақ – Руслан Дәленов

2019 жылғы 23 қазан 11:53
Бөлісіңіз:
2020-2021 жылдары инфляцияның дәлізі 4-6 пайыз болмақ – Руслан Дәленов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов алдағы бес жылдағы инляция қандай деңгейде қалыптасуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық банк алдағы үш жылда инфляция деңгейі қалай өзгеретінін айтты Қазақстанда ет, нан және жарма бағасы қымбаттады Қазақстандағы инфляция деңгейі 3% құрады

«2020-2021 жылдары инфляцияның жылдық нысаналы дәлізі 4-6 пайыз деңгейінде сақталады. Ал 2022-2024 жылдары ол дәліз 3-5 пайыз шегінде болады», - деді министр елдің 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын баяндау барысында.

Атап айтқанда, макроэкономикалық болжамның негізінде 2020-2022 жылдарға арналған бюджет параметрлер болжамы әзірленді. Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді қоспағанда) болжам бойынша 2020 жылы 8,1 трлн теңге сомасында, 2021 жылы – 8,7 трлн теңге, 2022 жылы 9,5 трлн теңгені құрайды.

«Бюджет тапшылығы 2020 жылы жалпы ішкі өнімге қарағанда 2,1 пайыз, кейіннен 2021 жылы 1,5 пайызға дейін және 2022 жылы 1 пайызға дейін төмендеуімен жоспарлануда. Осы параметрлерді есепке ала отырып, республикалық бюджеттің шығыстары 2020 жылы 12,9 трлн теңге, 2021 жылы - 13,2 трлн теңге, 2022 жылы 13,7 трлн теңге көлемінде болжануда», - деді Руслан Дәленов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілісте Ұлттық экономика министрі Жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсу қарқыны 5 жылда 4,4 пайызды құрайтынын мәлім етті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT