2019 жылы ШЫҰ Бас хатшысы миссиясы Өзбекстан өкіліне өтеді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Бас хатшысының қызметін аяқтағалы отырған Рашид Алимов ұйымдағы соңғы үш жылда атқарылған жұмыс қорытындыларын шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің Қытайдағы меншікті тілшісі.

«Соңғы үш жылдың ішінде ұйымның өмірінде бірқатар маңызды оқиғалар болды, солардың бірі - Үндістан мен Пәкістанды ШЫҰ-ның толыққанды мүше мемлекеттері ретінде қабылдау. «Шанхай рухы» энергиясы қосымша үдетіліп, ШЫҰ-ның жаңа типтегі халықаралық ұйым ретіндегі бай әлеуеті жаңа күшке ие болды. «Шанхай сегіздігінің» құрылымдық күн тәртібі бірқатар жасампаз бастамаларға ұйытқы болды. Қауіпсіздік саласында өзара әрекеттестік нығайып, экономика, сауда, мәдениет және спорт, ғылым және білім саласында ынтымақтастық нығайды, әйелдер және жастар қозғалысы жаңа серпінге ие болды», - деді Р.Алимов өз миссиясының аяқталуына орай өткен арнайы қабылдау кезінде.

Оның айтуынша, ШЫҰ-ның көпполярлы әлемді қалыптастыру процесінің белсенді қатысушысы ретінде сұранысы өсті. Енді қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың тиімді жаһандық және аймақтық сәулетін құруды ШЫҰ-ның қатысуынсыз елестету өте қиын.

«Ең бастысы - ШЫҰ мақсаттары ғаламшардағы миллиондаған адамдарға жақын әрі түсінікті. Үш жыл бойы мемлекет басшыларының ШЫҰ-ын дамыту бойынша көлемді жобаларын іске асыруға атсалысу маған  үлкен жауапкершілік жүктеді. Бұл жұмыста мен қашанда ШЫҰ Хатшылығындағы әріптестеріме, ШЫҰ елдерінің тату «отбасындағы» жүздеген және мыңдаған адамдардың қолдауына сүйенетінмін», - деп мәлімдеді ШЫҰ-ның Бас хатшысы.

ШЫҰ Бас хатшысы, тәжікстандық Р.Алимовтың өкілеттігі  2018 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың соңына дейін ШЫҰ-ның Бас хатшысы Өзбекстан өкілі Владимир Норов болады. 

Автор: Садық Әкежанов

Соңғы жаңалықтар