2019 жылы ШҚО-дағы барлық мектептерде ІТ-сыныптар ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі жылы Шығыс Қазақстандағы барлық мектепте ІТ-сыныптар ашылып, жұмыс істейтін болады. Бұл жайлы ОКҚ-да өткен баспасөз мəслихатында Шығыс Қазақстан облысының əкімі Даниал Ахметов мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Менің мектебім» жобасы негізінде барлық толық комплектілі мектепте Назарбаев Зияткерлік мектебінің стандарты бойынша қамтылған 476 кабинет және робототехника кабинеті ашылды», - деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімінің айтуынша, аталмыш база мектептерде 277 ІТ-сыныбын ашуға мүмкіндік берген. Сонымен бірге, бұл саладағы оқу бағдарламасын облыс педагогтары дайындаған.

«2019 жылдың 1 сәуірінен бастап бағдарламалау саласын тереңдете оқыту үшін Шығыс Қазақстандағы барлық мектептерде ІТ-сыныптар ашылады», - деді аймақ басшысы.



Даниал Ахметовтың айтуына қарағанда, ІТ-сыныптар оқушыларға интербелсенді тақталарды, зертхана жабдықтарын, арнайы жиһаздарды, адам ағзасындағы физиологиялық процестерді көрсететін визуалды тренажерларды пайдалануға мүмкіндік береді. Осылардың көмегімен балалар ІТ-технологиялармен байланысты мамандықтарды меңгеруге дайын болады.

Соңғы жаңалықтар