2019 жылы Щучинск-Зеренді тас жолы пайдалануға беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысына қарасты аймақтық және республикалық маңызы бар «Щучинск-Зеренді» тас жолы екі демалыс курорты мен бірқатар елді мекендерді жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Жол жобасы үш лотқа бөлінген: «0-30 шақырым», «30-47 шақырым» және «47-80 шақырым, ал, оның жалпы ұзындығы ‒ 80 шақырым. Ені 3,5 метр және екі қозғалыс жолағынан тұратын тас жол ІІ және ІІІ санатқа жатады. Қозғалыстың есептік жылдамдығы - 100 шақырым/сағ. Жобаның жалпы құны - 15,3 млрд теңге, 2017 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша 7 млрд қаржы игерілсе, ал биыл жол құрылысына 3,3 млрд теңге жұмсалды. Аталған тасжол құрылысының бас мердігері - BI GROUP компаниясына қарасты «Казахдострой» ЖШС. 

«Қайта жөндеу жұмыстарының мақсаты - екі курорттық аймақтың өзара байланысын жаңарту және жақындату. Қазір жол Көкшетау арқылы өтеді, бұл 50 шақырым. Жаңа жол қашықтық пен уақытты айтарлықтай қысқартады. Өлке егісті алқап болғандықтан, жоба жергілікті шаруалардың тілектерін ескере отырып әзірленді. Ұзындығы 80 шақырымды құрайтын тас жол бойында 63 су өткізетін құбыр, 2 демалыс алаңы мен 4 автобус павильоны, одан бөлек 15 шақырым қарды ұстайтын  және 14 шақырым барьерлік қоршау қарастырылған. Аталған тас жол Златополье, Савинка, Веденовка, М.Ғабдуллин, Серафимовка және тағы басқа елді мекендердің үстінен өтеді», - деді «Казавтожол» АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Амангелді Бірімжанов баспасөз туры барысында.null 

Жол құрылысы алаңында 784 адам және 278 техника жұмыс істеуде. 2017 жылдың тамызында басталған «Щучинск-Зеренді» тас жолы 2019 жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі. 

«Жұмысымыздың басты қиындығы ‒ ауа райы, жаңбырдың өзінен әр ай сайын 10 жұмыс күнін жоғалтамыз. Жұмыстарды табысты жүргізуге біздің қолымызда бар прогрессивті технологиялық шешімдер ықпал етеді. Ең алдымен, бұл Trimble компаниясынан 3D-нивелирлеу жүйесі. Ол өндірісті жеңілдетеді және жеделдетеді. Бұл ретте уақыт пен материалды, оның ішінде жанар майды да үнемдейді. Техниканың жұмыс күшін тиімді қолдану жұмыс тиімділігін 25%-ға өсірді Сонымен қатар, бізде жоғары технологиялық зертхана, GPS-трекинг жүйесі және жылжымалы ұсақтау-сұрыптау қондырғылары бар. Сондай-ақ, біз Lean құралдарын белсенді қолданамыз. Мысалы, асфальтбетонды зауыттарды карьерлерге жақын орналастыра отырып, біз материалды тасымалдау уақытын айтарлықтай қысқарттық», - деді BI GROUP компаниясына қарасты «Казахдострой» ЖШС Щучинск филиалының директоры Төлеген Берекетов.

Оның айтуынша, тас жолдың барлық үш лоты бойынша төменгі (грунтты-минералдық қоспа), жоғарғы (органикалық-минералдық қоспа) және негізгі қабатында ірі түйіршікті асфальтобетонды төсеу жұмыстары жүргізілді.null 

 «Казавтожол» АҚ-ның мәліметіне сәйкес, биыл еліміз бойынша жалпы ұзындығы 473 шақырымды құрайтын тас жол пайдалануға беріледі, оның ішінде Павлодар-Калабатау- 159 ш\м, Астана-Павлодар-80 ш\м, Орал-Каменка (Ресей)-73 ш\м, Ақтау-Бейнеу- 73 шақырым және тағы басқа республикалық маңызы бар жолдар. 

Еске салсақ, бұған дейін осы жылдың соңына дейін «Орталық-Шығыс» дәлізі бойынша Астана-Павлодар және Павлодар-Семей бағыттары бойынша тас жолдың пайдалануға берілетінін айтқан болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар