+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

2019 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 41 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2020 жылғы 16 қаңтар 11:45
Бөлісіңіз:
2019 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 41 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 41 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1 771 кәсіпорнында 43,3 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 6,1 млрд теңгеден астам берешегі бар екенін анықтады. Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 41 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 5,4 млрд теңге төленді», - делінген министрлік ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуы міндетті 1 285 нұсқама беріліп, 141 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Жалпы, 2019 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 9 513 тексеру жүргізді. 12,9 мыңнан астам ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталып, 467 млн теңге сомаға айыппұл салынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT