+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

2019 жылы «Қазпошта» 53 млн халықаралық сәлемдемені қабылдамақ

2019 жылғы 19 наурыз 14:21
Бөлісіңіз:
2019 жылы «Қазпошта» 53 млн халықаралық сәлемдемені қабылдамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Заңды тұлғалар үшін жеңілдетілген тауар экспорты қызметі енгізіледі. Бұл туралы Астанада баспасөз мәслихатында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің ойымша, 2019 жыл Қазақстан кәсіпкерлері үшін онлайн тауарлар экспорты рәсімдерін жеңілдету жылы ретінде есте қалады. Тиісті заңнамалық қадамдар ескерілді. Құжаттарды пайдалану Дүниежүзілік пошта одағы тәртібінде қаралады, яғни декларация ретінде қамтылады. Осы орайда заңды тұлғалар үшін жеңілдетілген тауар экспорты қызметін енгізуге жол ашады», - деді С. Сәрсенов.

Бұл тұрғыда экспортталатын тауарларды рәсімдеу кезінде клиенттің «диалогы» пошта бөлімінде ғана іске асырылып, бірнеше минуттың ішінде атқарылады.

«Яғни кәсіпкер кеден қызметкерлерімен, салықшылармен рәсімдерді жүргізбейді. Кеден органдарында экспорттық рәсімдеу бойынша жұмыстар тауарды жөнелтушінің қатысуынсыз іске асырылады. Біз пошта қызметі ретінде барлық шараларды атқарамыз», - деп түсіндірді «Қазпошта» басшысы.

Бұдан бөлек ол 2019 жылы 53 млн халықаралық сәлемдемені қабылдау жоспарланып отырғандығын атап өтті. 2018 жылы бұл көрсеткіш 35 млн болған еді. Сонымен қатар, биыл Қазақстан аумағы арқылы транзитпен 70 млн сәлемдеме жіберу қарастырылып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Логистика,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT