+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.42 EUR 424.58
RUB 6.00 CNY 54.31
Jańalyqtar

2019 жылы Қарағандыда төрт емхана ашылады

2019 жылғы 15 ақпан 07:49
Бөлісіңіз:
2019 жылы Қарағандыда төрт емхана ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қарағандыда мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы бойынша төрт емхана ашылады. Осы және өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы басқа да жаңалықтар туралы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов мәлімдеді.

«Президент емханалардың ашылуына баса назар аударады. Біз бұл мәселемен жіті айналысудамыз және оңтайлы шешім таптық - жеке инвестицияларды тартамыз», - деді аймақ басшысы.

Өткен жылы облыс орталығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы бойынша екі емхана ашылды. Осы жылы дәл осындай схема бойынша тағы төртеуі жұмыс істей бастайды. Сондай-ақ, Қарағандыда 300 орынға шақталған заманауи көпсалалы клиника пайда болады, оның жобалық-сметалық құжаттамасы дайын.

Көктемде Теміртау қаласында емхана құрылысы басталады. Жезқазғанда осы жазда аурухана қалашығын қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталады. Оның аумағында диагностикалық орталық, тіс емханасы және балалар санаторийі пайда болады.

Биыл Қарағанды облысында дәрігерлерге 60-тан астам қызметтік пәтер бөлінеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT