+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

2019 жылы ғарышқа билеттер сатыла бастайды

2018 жылғы 27 маусым 16:14
Бөлісіңіз:
2019 жылы ғарышқа билеттер сатыла бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - SpaceX-тан кейін, тағы бір америкалық компания барлық ұшқысы келетіндер үшін ғарышқа сапарды бастауға дайын екенін жариялады, деп жазады Spacenews.

Blue Origin жеке аэроғарыш компаниясының аға вице-президенті Роб Мейерсон таяуда ғарышқа апаратын суборбиталық саяхат билеттері 2019 жылы сатылымға түсетінін мәлімдеді.

«Алдағы уақытта ғарышқа алғашқы сынақ ретінде жолаушылармен бірге ұша бастаймыз. Ал, билеттер 2019 жылы сатылымға шығады», - деп уәде етті Мейерсон.

Қазіргі таңда компанияның ғарышқа жасаған барлық сапары жолаушыларсыз жүргізілген, бірақ Blue Оrigin бұдан бұрын сынақ ұшырылымдарға оның қызметкерлері қатысатынын мәлім еткен болатын.

Мейерсон ғарышқа ұшу билетінің бағасын айтқан жоқ.

2015 жылы компания New Shepard суборбиталық кемесін сегіз рет ұшырған. Соңғы ұшырылым 29 сәуірде өтті. Келесі ұшырылымның қашан болатыны әзірге белгісіз. Компаниядағы дереккөз оның жазда болатынын ғана растады.

Blue Origin компаниясының негізін америкалық миллиардер, 2000 жылы әлемдегі ең дәулетті адам атанған Джефф Безос қалаған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT