2019 жылы депозиттердің долларлануы төмендеді – Ерболат Досаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жалпы халықаралық резервтер өткен жылы 2,3 пайызға ұлғайып, 91 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сыртқы нарықтардағы ахуалдың тұрақсыздығына және мұнайдың орташа жылдық бағасы 2018 жылғы бір баррель үшін 71,7 АҚШ долларынан 2019 жылы бір баррель үшін
64,2 АҚШ долларына дейін төмендегеніне қарамастан, жалпы халықаралық резервтер өткен жылы 2,3 пайызға ұлғайып, 91 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде алтын-валюта резервтері – 29 млрд АҚШ доллары, Ұлттық қордың активтері – 61,9 млрд АҚШ доллары болды», - деді Е. Досаев.
Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы шот дефициті 2019 жылғы 9 айда 4,3 млрд АҚШ долларын құрады. Тапшылықтың 2018 жылмен салыстырғанда ұлғаюы азық-түлікке жатпайтын және инвестициялық тауарлардың импортының ұлғаюы салдарынан жалпы импорттың 2,7 млрд АҚШ долларына өсуіне негізделді.
«Ұлттық валютадағы депозиттер 13,1 пайызға 10,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер 8,7 пайызға дейін төмендеді. Депозиттердің долларлануы 2019 жылғы желтоқсанда 43,1 пайызға дейін төмендеді», - деп нақтылады ҰБ басшысы.
Оның айтуынша, өткен жылғы кредиттеу үрдістерінің ішінен ұзақ мерзімді кредиттер портфелінің 6,5 пайызға немесе 718 млрд теңгеге оза отырып өсті. Жалпы алғанда, экономикаға берілген кредиттер 2019 жылдың соңына қарай 13,9 трлн теңге болды.
- Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 13,5% азайды
- Қазақстандық аккумуляторлар ТМД елдерімен қатар тағы 4 мемлекетке экспортталады
- ҚР Президенті Премьер-Министрді тағайындауға қатысты: Пікірталас ашық әрі айқын болды
- Премьер-Министр он күн ішінде Президентке Үкімет құрамын ұсынады
-
Атырау облысында шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
-
Президент Премьер-Министрді тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам