2019 жылы бюджеттен 162 млрд теңгеден астам қаржы балалар жәрдемақысына төленген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылы балалары бар отбасыларды қолдауға және әлеуметтік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 196 млрд теңгеден астам қаржы көзделген, оның 162,5 млрд теңгесі игерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінде мемлекет тарапынан отбасылардың 5 санатына әлеуметтік қолдау көрсетіледі: 1 жасқа дейінгі балалары бар аналар мен отбасыларға; көпбалалы отбасыларға; мүгедек балалары бар отбасыларға; табысы аз отбасыларға; асыраушысынан айырылған және балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алған отбасыларға», делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, бала туған кезде бір реттік жәрдемақы беріледі, оның мөлшері баланың туу кезегіне байланысты болады. 2019 жылы бірінші, екінші, үшінші баланың дүниеге келуіне байланысты жәрдемақы мөлшері 95 950 теңгені құраса, төртінші және одан да көп балаға – 159 075 теңге. Бүгінде 308,6 мың адам 33,7 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды.

Сонымен қатар, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік қолдау көзделген. Жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалар санына байланысты 14 544 тен 222 473 теңгеге дейінгі мөлшерді құрайды. Жыл басынан бері 137,5 мыңнан астам адам 28,5 млрд теңге көлемінде осындай жәрдемақы алды.

«Мүгедек баланы оның кәмелеттік жасқа жеткенге дейін тәрбиелейтін адамдарды қолдауға жекелеген әлеуметтік шаралар көзделген. Жыл басынан бері мұндай жәрдемақы 30,6 млрд теңге сомасынды 84,6 мың адамға төленді. 2019 жылғы 1 шілдеден бастап оның мөлшері 41 578 теңгені құрайды.

2019 жылғы 1 шілдеден бастап бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасау бойынша жәрдемақы енгізілді. Оның мөлшері – 41 578 теңгені құрайды. Жәрдемақы енгізілгеннен бері мұндай жәрдемақы 4,9 млрд. теңге сомасында 13,6 мың адамға төленді», делінген хабарламада.

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы 235 мың анаға табысына қарамастан, 38,1 млрд теңге сомасында ай сайын жәрдемақы төленіп келеді. Қазіргі уақытта бұл жәрдемақының мөлшері 16 160 теңгені құрайды.

Төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Ағымдағы жылы жәрдемақының бұл түрі 26,7 млрд. теңге көлемінде 253,5 мың отбасыға төленді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын балалары бар көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізу жоспарлануда. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде тағайындалады: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.

Соңғы жаңалықтар