+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

2019 жылы Астанада жолақы қымбаттай ма

2018 жылғы 21 желтоқсан 14:31
Бөлісіңіз:
2019 жылы Астанада жолақы  қымбаттай ма

АСТАНА. ҚазАқпарат - «АстанаLRT» басшысы Бекмырза Игенбердинов 2019 жылы елордадағы қоғамдық көліктердегі жолақысының тарифінің өзгеруіне қатысты болжамымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019жылдың 1 қаңтарынан тарифтіка тұрғыда қандай да бір өзгерістер болмайды. Қазіргі уақытта жолаушылар ағыны айқындалған. Біз әкімдікпен субсидия мәселесіне қатысты келісімдер жүргізіп жатырмыз. Оны тасымалдаушыларға бере алар едік. Осыған байланысты тарифтік тұрғыда өзгерістердің қажеттігі түсінікті бола түседі», - деді ол.

Осы ретте«Астана LRT» БАҚ өкілдерінің келесі жылы жолақы қымбаттауы мүмкін бе деген сауалына нақты жауап бере алмады.

«Бүгінгі күні тасымалдаушылардың шығыстары мен кірістеріне қатысты нақты түсінігіміз бар. Оның арасындағы айырманы біреу жабуы тиіс. Әдетте оны бюджет жүзеге асырады. Біздің бюджетіміз қанша және ол қаншалықты шығысымызды жаба алады деген мәселеден барып жолаушыларға арналған тариф қалыптасады. Дегенмен, бірінші тоқсанда ешқандай өзгеріс болмайды», -деді Бекмырза Игенбердинов.

Оның атап өтуінше, қоғамдық көлік жолақысын көтеру не болмаса төмендету мәселесін талқылау ұзақ уақытты алады.

«Қазіргі уақытта біз алдымен жұмыс комиссиясынан өтіп, одан кейін талқылау үшін қоғамдық кеңеске, одан соң мәслихатқа шығуымыз қажет. Бұл кемінде 3-4 ай уақытты алатын жұмыс. Кемінде жазға дейін айтарлықтай өзгерістер бола қоймайды», - деді компания басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT