2019 жылы апатты жағдайдағы 6 су қоймасы реконструкцияланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров елдегі су қоймаларының жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Су шаруашылығы саласында төтенше жағдайлар туындауының алдын алу және су қоймасының қауіпсіз жұмыс істеу режиміне қол жеткізу мақсатында апатты жағдайдағы 41 су қоймасын реконструкциялау көзделген. 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысында 2 нысан қалпына келтірілді. Апатты жағдайдағы 6 су қоймасын реконструкциялау 2019 жылы аяқталады, 5 су қоймасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды, қалған 21 нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде», - деп атап өтті министр Қазмедиа орталығында халыққа есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, 3 гидротехникалық құрылысжайды реконструкциялау және ерекше апатты жағдайдағы 1 нысанды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

«Бұл Батыс Қазақстан облысында 61 мың адам тұратын 16 ауылдық елді мекеннің шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждықтары үшін сумен қамтамасыз етуге, 100 мың бас қойға немесе 25 мың бас ірі қара малға арналған 180 мың гектар жайылымды суаратын қосымша су шаруашылығы инфрақұрылымын жасауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, бұл Қызылорда облысында 48,5 мың гектар, Түркістан облысында 5 мың гектар, Жамбыл облысында 6,8 мың гектар жерді суаруға мүмкіндік берді», - деді С. Омаров.
null

ҚР АШМ 2019 жылы 10 гидротехникалық құрылысжайды реконструкциялау жоспарланған.

Сонымен бірге, республиканың 7 облысында (Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе және Түркістан облыстары) жаңа 22 су қоймасын салу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар