+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

2019 жылы Алматыға қанша шетелдік келді

2020 жылғы 22 қаңтар 18:44
Бөлісіңіз:
2019 жылы Алматыға қанша шетелдік келді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Былтыр Алматыға 249 112 шетел азаматы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында ТЖ режимін бұзған азамат ұсталды Ақмола облысында жеті адам карантин аумағынан заңсыз өтпек болған Алматыда карантин режимін бұзған Өзбекстанның үш азаматы ұсталды

Полиция департаменті өкілінің айтуынша, шетелдіктердің барлығы мемлекетіміздің көші-қон заңнамасын сақтай бермейді.

«Өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 32 мың 56 адам әкімшілік жауапқа тартылды, олардың 7 мың 828-і шетел азаматтары. Әкімшілік тәртіпке сәйкес, 2 мың 48 шетелдік елден қуылды», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін еңбекке тарту ережелерін бұзған 325 жұмыс берушіге әкімшілік шара қолданылды. Салынған айыппұл мөлшері 155 миллион 62 мың 71 теңгені құрады.

Спикердің мәліметі бойынша, былтыр қаланың Алатау ауданындағы еңбек мигранттарына қызмет көрсететін Көші-қон қызметі орталығына 231 мың 876 шетелдік тіркелген, еңбек мигранттарына жеке тұлғаларда еңбек етуге 57 мың 253 рұқсат берілді және ұзартылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Заң,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT