+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

2019 жылы ақылы жолдардан 5,4 млрд теңге түсті

2020 жылғы 23 қаңтар 09:04
Бөлісіңіз:
2019 жылы ақылы жолдардан 5,4 млрд теңге түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында елімізде іске қосылған төрт ақылы жолдан, яғни «Нұр-Сұлтан – Шучинск», «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Алматы – Қорғас» және «Алматы – Қапшағай» автобандарынан түскен түсім 5,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, 5,4 миллиард теңгенің 3,8 миллиарды – ақылы автомобиль жолдарын, 1,6 миллиарды төлем алу жүйесін күтіп ұстау шараларына жұмсалған.

«2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, өткен жылы ақылы жолдардан 3,5 есеге артық қаражат түсті. Өйткені, арғы жылы Қазақстанда «Нұр-Сұлтан – Шучинск» жолы ғана ақылы болатын. Жыл сайын бұл жолдан 1,5 млрд теңге жиналып келді. Бүгінгі таңда елдегі ақылы жолдардың жалпы ұзақтығы – 682 шақырым», - деді министрліктен.

Атап өтілгендей, ақылы болған автожолдардың күтіміне бюджеттен қаражат бөлу тоқтатылады.

«2019 жылдың желтоқсанында инвестициялық конкурстың қорытындылары бойынша Консорциуммен жолдардың 11 мың шақырымында төлем алу жүйесін орнату және оны күтіп ұстау туралы құжатқа қол қойылды. Келісімге сәйкес биыл қайта құрылымдаудан өткен 5,7 мың шақырымдық жол учаскелерінде төлем алу жүйесі орнатылады деп жоспарлануда. Жолдардың қалған 5,3 мың шақырымы 2024 жылға дейін қайта құрылымдау шараларының аяқталу мерзіміне байланысты ақылы болмақ. Ақылы жолдар жүйесін енгізу арқылы сол жолдардың күтіміне бюджеттен қаражат бөлінбейтін болды. Яғни, барлық шығын жиналған қаражат есебінен қамтамасыз етіледі», - деп нақтылады ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT