+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

2019 жылы 20 мыңнан астам шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді

2019 жылғы 17 қазан 10:43
Бөлісіңіз:
2019 жылы 20 мыңнан астам шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 20 мың 938 рұқсат берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да «Еңбек» бағдарламасымен 20 мың адам жұмысқа орналастырылды «Жусан» операциясымен елге оралған 5 ана жаңа мамандық игерді - Атырау облысы Болат Бақауов қайта даярлау курстарын аяқтағандарды жұмыспен қамтуды күшейтуді тапсырды

Оның ішінде бірінші санатқа (басшылар мен олардың орынбасарлары) 819, екінші санатқа (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) 4690 рұқсат шығарылды. Шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға арналған рұқсаттардың көп бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмыскерлер) санаттарына берілді – сәйкесінше 9803 адам және 1738 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 2 216, корпоративтік ауысым аясында 1672 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 2 396 жұмыс беруші бар. Оларда Қазақстанның 531,1 мыңға жуық азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96% - ын құрайды.

Еңбекші мигранттардың негізгі шыққан елдері Қытай - 4 433 адам, Өзбекстан - 2320 адам, Үндістан - 1837, Түркия - 1828, Ұлыбритания - 1449 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейтінін еске сала кеткен жөн.

2019 жылға шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы республиканың экономикалық белсенді халқының 0,54%-ы (шамамен 48,7 мың адам) деңгейінде белгіленді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT