+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

2019 жылғы Қысқы Универсиада алауы Алматы көшелерімен өтті

2018 жылғы 24 қыркүйек 15:15
Бөлісіңіз:
2019 жылғы Қысқы Универсиада алауы Алматы көшелерімен өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Красноярда 2-12 наурыз аралығында өтетін 2019 жылғы Қысқы Универсиада алауының халықаралық эстафетасы кезеңі Алматыда өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі доданың алауы Италияның Турин қаласынан шыққан болатын.

Бүгін алауды соңғы Универсиаданың иесі - Алматы қаласы қабылдап алды. 26 қыркүйекте алау Қытайдың Харбин қаласына жеткізіледі. Мәскеуде жалпы эстафета жалғасатын болады. Алматыдағы алау эстафетасы 2,5 шақырым қашықтықпен жүріп өтті.

null Отты шырақты 15 алаугер Абай көшесімен Республика сарайының алдынан алып өтті. Олардың арасында Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, боксшы Қанат Ислам, ҚР футзал бойынша құрамасының капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов, биатлоншы Василий Подкорытовтар бар.

null FISU халықаралық студенттік спорт федерациясы алау эстафетасын биылдан бастап жаңа тәртіппен өткізетін болды. Енді алау эстафетасына бұрынғы Универсиада өткізген елдің өкілдері де қатысатын болды.

null «Біз Алматы қаласында өткен Универсиаданың бай мұрасын әлемге танытуға тырыстық. Болашақтағы жоспарларға келсек, бекітілген жобаға сәйкес эстафета алауын университет кампустарында өткізетін боламыз. Бұл университет спортын насихаттауға септігін тигізбек», - деді FISU президенті Олег Матыцин.

FISU атқару комитетінің мүшесі, Қазақстан Студенттік спорт федерациясының президенті Қайрат Закіриянов Алматының Краснояр универсиадасының алау эстафетасына қатысып жатқанын маңызды шара ретінде бағалады.

null«Краснояр универсиадасының халықаралық алау эстафетасы 3 қалада өтіп жатыр. Турин, Алматы және Қытайдық Харбин қаласы ғана қамтылған. FISU қалаларды таңдау кезінде университеттік спортқа қосқан үлесін ескерген. Алматыда өткен Универсиада - спорттық дода тарихындағы ең үздігі деп танылды», - деді Қайрат Зәкіриянов.

null«Краснояр -2019» Универсиадасының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Максим Уразов Алматының атлетикалық ауылды салу, еріктілермен жұмыс, спорттық инфрақұрылымды құру бойынша тәжірибесін алып жатқанын хабарлады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT