2019 жылғы физикадан Нобель сыйлығы астрономиядағы революциялық жаңалықтар үшін берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Швед корольдік ғылым академиясы 2019 жылғы физикадан Нобель сыйлығы физикалық ғарышнама саласындағы теориялық жаңалықтар үшін Джеймс Пиблске, сондай-ақ, күн тәріздес жұлдызды айналатын экзопланетаны ашқаны үшін Мишель Майорға және Дидье Келоға табысталатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Швед корольдік академиясы ғалымдар ашқан жаңалықтарды астрономия үшін революциялық ашылулар деп атады.

1992 жылдан бастап астрономдар үшін тек 8 планета (немесе Пултонмен бірге 9) белгілі болған, бұл экзопланета тақырыбының қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді. Алайда ол кезден бері астрономияда жаңа әдістер енгізіліп, 4000-нан астам түрі ашылды.

Соңғы жаңалықтар