2019 жылға дейін Қазақстанда 15 жол салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық құрылысшылар Мемлекет басшысының ең басты тапсырмасы - республиканың астанасын шалғайдағы облыс орталықтарымен байланыстыратын көлік инфрақұрылымын құрып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына сәйкес, 2019 жылға дейін жалпы ұзындығы 4,6 мың шақырымнан асатын 15 жобаны жүзеге асыру қарастырылған.

Бұл жобалардың қатарында Орталық-Оңтүстік - «Астана - Қарағанды - Балқаш - Алматы», Орталық -Шығыс «Астана - Павлодар - Қалбатау - Өскемен», Орталық-Батыс «Астана - Арқалық - Шалқар - Қандыағаш» және Орталық-Солтүстік «Астана - Петропавл - Ресей Федерациясының шекарасы» дәліздері бар. Сонымен бірге, Алматы-Өскемен, Үшарал-Достық, Бейнеу-Ақжігіт, Қалбатау-Майқапшағай, Орал-Каменка-РФ шекарасы секілді халықаралық дәліздер мен шекаралық бағыттар да басым жобалар болып белгіленген», - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Темірхан Меңдіғалиев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта барлық жобалар бойынша мердігерлік келісімшартқа қол қойылып, дайындық жүргізілген және құрылыс жұмыстары басталып кетті. Реконструкцияланған жол бөліктеріндегі жұмыстар аяқталысымен, жол қозғалысы ашылады. Биыл 525 шақырымдық жолды аяқтау жоспарланып отыр және барлық жобаларды 2022 жылы аяқтау көзделген.

Соңғы жаңалықтар