2019 жылдың маусымы тарихтағы ең ыстық ай болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен ай ғаламшарымыздағы ең ыстық ай болды. Бұл туралы BBC АҚШ-тың ұлттық мұхиттар мен атмосфералық зерттеулер басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы деректер бойынша, әлемдегі орташа температура 16,4C-қа көтерілсе, Антарктикадағы мұз аумағы рекордтық ең төменгі көрсеткішке жеткен.

АҚШ-тың ұлттық мұхиттар мен атмосфералық зерттеулер басқармасы (NOAA) орташа жаһандық температура 20-ғасырдағы орташа көрсеткіштен 2,2С-қа жоғары болғанын мәлімдеді.

Еуропа, Ресей, Канада мен Оңтүстік Американың бірқатар бөлігінде ыстық қатты сезілген.

Соңғы жаңалықтар